Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 4 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
2024 жылғы 8 қарашада Әділет Бәрменқұловтың Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кететіні белгілі болды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы ақпаннан бері атқарды.
20 желтоқсанда Марат Омаров ҚФФ президенті болды. Ал 2025 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан құрамасының экс-футболшысы Давид Лорияның ҚФФ вице-президенті қызметіне кірісті.
Сурет: Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Похожие материалы (по тегу)
Tags
EXPO 2025
микрорайон
шум
сосед
душил собаку
системы выявлений
казахстанские школы
руки
палата
утопление отдыхающего
очевидцы
Алаколь
собственник жилья
книга рекордов
медео
атлет
спортсмен
реанимация
Налог на роскошь
резня
Слован
туристические визы
инвестиция
мүлік
жеке капитал
қор
РЖД
ИнвестицииКZ
АмериканскийРынок
ДробныеАкции