Қазақстандық АИ-92 бензині экспортқа жөнелтілді

Қазақстан осы айда 40 мың тоннаға дейін бензин шетелге шығара алады. Бұл мәліметті LS редакциясына Энергетика министрлігінде растады.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы сәуір айында К4/К5 экологиялық кластағы артық көлемдегі АИ-92 бензинін экспорттау жоспарланған. Оның көлемі – 40 мың тоннаға дейін.

"Бұл ішкі нарықтың толық қамтылуы мен мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысы нәтижесінде мүмкін болды. Нәтижесінде, шикізаттың орнына жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспорттау жүзеге асырыла бастады," — деді министрлік өкілдері.

Министрлік бүгін АИ-92 маркалы бензиннің қоры 524 мың тоннаға жеткенін хабарлады. Бұл көлем елдің 46 күндік қажеттілігін өтеуге жеткілікті. Осылайша, республика ішкі нарықты үздіксіз қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық мүмкіндіктерді де іске асыруға мүмкіндік беретін жанар-жағармай қорын жинақтап отыр.

Сонымен қатар, тұрақты отын теңгерімін сақтау мақсатында кешенді шаралар қабылдануда:

  • мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларындағы жанармай қалдықтарына күнделікті мониторинг жүргізілуде;
  • өңірлік әкімдіктер жанындағы жанармай бойынша штабтардың жұмысы күшейтілді;
  • ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жанармайды басымдықпен бөлу жүзеге асырылуда;
  • ел аумағында жеткізілім логистикасы үздіксіз қамтамасыз етілуде;
  • саланы дамыту тұжырымдамасы аясында автокөлік бензині мен дизель отынының стратегиялық қорын құру мәселесі пысықталуда.

Министрлікте 2025 жылдың 30 қаңтарынан бастап көтерме және бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау алынып тасталғанын еске салды. Енді бағалар нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа, сондай-ақ логистикалық факторларға байланысты еркін түрде белгіленеді.

"Көтерме бағалардың біршама өсуі- мемлекеттік реттеудің алынып тасталуынан кейінгі нарықтық теңгерімнің орнауымен байланысты. Сонымен қатар, бағаның күрт шарықтап кетуіне жол бермеу үшін мемлекет нарықты бақылауда ұстап, адал емес ойыншыларға қатысты тиісті шаралар қабылдауда", — деп түйіндеді энергетика министрлігінде.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ