Абай облысында "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Турнир бағдарламасы бойынша оқушылар клубтары туралы бейнероликтер көрсетіп, "Айбын жұлдызы" шығармашылық байқауы мен "Smart Sarbaz" робототехника байқауында бақ сынады.

Абай облысында Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті. Дәстүрлі сайыс Шүлбі кентіндегі "Ұлан" патриоттық орталығының базасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aranpress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сынға түскен іріктеу турына 10 әскери-патриоттық клуб қатысты. Олар аудандық және қалалық сайыстарда үздік нәтижеге қол жеткізген командалар. Жасөспірімдер алғашқы әскери дайындық негіздері бойынша сынға түсті. Бұл балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеп, жігерлендіреді және салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортпен шұғылдануға тартуда алар орны ерекше дейді ұйымдастырушылар. Бұған қоса сайыс Халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынына қатысуға мықты командалар мен спортшыларды анықтау мақсатын көздеп отыр.

Турнир бағдарламасы бойынша оқушылар клубтары туралы бейнероликтер көрсетіп, "Айбын жұлдызы" шығармашылық байқауы мен "Smart Sarbaz" робототехника байқауында бақ сынады. Ал әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша, белтемірге тартылу, арқаға жатып денені көтеру, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау, әскерилендірілген эстафета, арқан тартысу және 3 мың мен 1 мың метрге жүгіруде бақтарын сынады.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар дипломдармен және кубоктармен марапатталады. Байқауының жеңімпаздары Алматы қаласында өтетін Халықаралық "Айбын" әскери патриоттық жарысына қатысатын болады. Жалпы соңғы кезде аймақ жастары өздерінің әскери бағытта жақсы өнерлерін көрсетіп келеді. Бұған дейінде жарыстың республикалық кезеңінде өңірдің оқушылары құр алақан қайтпаған. Жекелей номинациялар бойынша марапатталып, жоғарғы нәтижеге қол жеткізген.

Сурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ