"Новый год харам, дедушка мороз баран": Жаңа жылды харам деген оқушы елдің төбе шашын тік тұрғызды (ВИДЕО)

Желіде жаңа жылды харамға, Аяз атаны қойға теңеген баланың видеосы тарады.

Видео mangystau.today парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Новый год харам,

Дедушка мороз баран.

Снегурочка дурочка,

Аяз ата булочка", — дейді аяз атаға тақпақ айтқан бала.

Видеодан кішкентай баладан тақпақ сұраған Ақшақардың мұндай діни сипаттағы тақпақтан сасып қалғанын байқауғауға болады.

"Басқа тақпақ жоқ па, сен бізді мына жерде харам қылып тастадың ғой", — дейді Ақшақар.

Желі қолданушылары кішкентай баланы "бәлеге" теңеп, оның бұл сөздерін қатаң сынауда.

"Бала емес, бәле сияқты ғой. Балаша қуанатын кезі ғой, діни фанатизмдердің үйреткені", "Күлкілі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Өзгенің мерекесі мен сенімін балағаттаудың не жақсылығы бар", "Бахабистердің баласы", "Бала жас кезде ертегіге сену керек, қызыққа толы болу керек өмірі, ерте харам демей", — деп жазды олар.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ