Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президентке «Қазпошта» акционерлік қоғамының биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды.

Атап айтқанда, компания шығындарды оңтайландыру, электронды коммерцияны және басқа да қаржылық қызметтерді дамыту есебінен соңғы 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналып отыр. «Қазпоштаның» 8 айдағы кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44 пайызға немесе 16,7 миллиард теңгеге артты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсел Жанасованың айтуынша, еліміздің шалғай елді мекендерінде «Қазпоштаның» бөлімшелер желісін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл пошта, қаржы, агенттік, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысына «Қазпошта» акционерлік қоғамы электронды коммерция нарығының субъектілері үшін бірыңғай экожүйе құратыны жөнінде мәлімет берілді. Ол үшін компания фулфилмент орталықтарын дамыту, отандық және шетелдік танымал маркетплейстер үшін тапсырыстар беру пункттерін ашу, қоймалар мен поштамат желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Президентке Ақтөбе қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында логистикалық хаб салу жоспары таныстырылды. Мұндай логистикалық хаб осы аптада Астана қаласында ашылмақ.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ