Моноқалаларға миллиардтаған қаражат құйылады


Қазақстанда моноқалалардың инфрақұрылымына 62,8 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды LS.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, моноқалаларға жыл сайын орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері тарапынан инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлінеді.

"2024 жылы бұл мақсаттарға 62,8 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде республикалық бюджеттен – 31,2 млрд теңге. Мәселен, 2019-2023 жылдар аралығында 348,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 184 млрд теңге", — деді ол.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Ақтөбе, Қарағанды және Атырау облыстарының әкімдіктері Хромтау, Сәтбаев, Балқаш және Құлсары моноқалаларында өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру бойынша жұмыс жүргізуде.

"Әкімдіктер бұл жұмысты жеделдетуі қажет. Министрлік мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруды, моноқалалардағы ШОБ қолдау бағдарламаларын жыл сайын ұлғайту, сондай-ақ, офтейк-келісімшарттар жасасу жүйесін пысықтайтын болады. Техногендік-минералдық түзілімдерді қайта өңдеу, моноқалалардың бос тұрған объектілерінде шағын өнеркәсіптік аймақтар құру, моноқалалардың айналасында "зәкірлік" жобалар мен геологиялық барлау жұмыстары бойынша мәселелер басты назарда", — деді Байбазаров.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда ШОБ дамыту аясында моноқалалардың кәсіпкерлеріне 30 млрд теңгеге 3,9 мың микронесие, қарыздар бойынша 33,5 млрд теңгеге кепілдіктер берілді, 122,5 млрд теңгеге 1,4 мың жоба субсидияланды, 428 млн теңгеге 107 грант берілді.

Өз кезегінде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Екібастұзда индустриялық аймақ құру үшін 100 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланғанын айтты.

"Металлургия саласын дамыту негізгі серіктес ретінде Mineral Product тарта отырып, индустриялық аймақ құру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Құрылыс кезеңінде 800 жұмыс орны құрылады, пайдалану кезеңінде – 4 мың. 100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады деп күтілуде", — деді ол.

Министрдің айтуынша, қаланы дамыту үш ірі бағыт бойынша жоспарлануда – бұл энергетика, металлургия және теміржол өнімдерін өндіру кластерлері.

Бұған дейін, Қазақстанның моноқалаларында коммуналдық қызметтер тарифтерінің қымбаттауы күтілетіні хабарланған болатын.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ