Ақын: "Ораза - екі жүзділіктің екі еселенетін айы"

Бүгін — Рамазан айының екінші күні. Халық арасында ораза ұстауға қарсылық танытып, кереғар пікір жазғандар, бірін-бірі іліп әкетіп қолдағандар саны біршама.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ақын Танакөз Толқынқызының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақын Танакөз Толқынқызы "Ораза — екі жүзділіктің екі еселенетін айы" деп жазды.

Ақынның оқырмандары:

"Батыл сөзіңіздің жаны бар", "Өте дұрыс айтылған сөз! Кеше тойға бардық. Той болғасын,, жүздетеді,,. Ертең,, ғұсыл,, алып, ораза ұстаймын дейді, бір танысым. Сосын оразадан соң,, таз,, қалпына келеді, қайтадан. Кімді алдап жүр?", "Мен де осыны ойлайтынмын ылғи. Адамдарды алдап, ақша алып қарыз қайтармай, ішіп, басқа да көп жаман істер істеп жүретіндер, оразамын деп кісі болып отыратындарын көргенде ораза ұстағым келмей кетеді ғой. Осыны айтқанда “Күнә артпа, өздері жауап береді Алланың алдында” дейтін. Осы постыны оқығанымда тура ойымды суырып шығардыңыз", "Осы айда бәрі әділетті, бәрі мейрімді бола қалады.Екі жүзді имамдар бір ай бойы сұңқылдайтын болады, Алланың атынан", "Өте орынды айтылған сөз! Ораза біткен күні көреміз олардың шынайы беттерін", "Айтпа, барлық күнәсін жуып,сосын 11 ай күнә жинап", деп пікірлерін білдірді.

Айта кетейік, осыған дейін Тортуыл Шоқан "Он бір ай «боқ» жеп — бір ай ашыққаннан пайда жоқ" деп айтқан болытын.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ