Астанада LRT-ның құрылысы қайта басталды

Арқалықтар құйылған соң беріктігі тексеріледі, содан кейін ғана уақытша конструкциялар алынады.

City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астана көшелерінде орнатылып жатқан темір конструкцияларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Қазіргі кезде әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT желісінің барлық учаскесінде эстакада мен станцияның темірбетон конструкцияларын орнату жұмыстары басталды.

"Осыған байланысты Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында, сондай-ақ Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында уақытша конструкцияларды құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іс-шаралар жеке типтегі монолитті арқалықтарды орнату үшін жүргізіледі. Жоба бойынша осы арқалықтардың құрылысы қолданыстағы кең даңғылдарды қиып өтетін жерде қарастырылған", — дейді компания мамандары.

Арқалықтар құйылған соң беріктігі тексеріледі. Содан кейін ғана уақытша конструкциялар алынады. Барлық жұмыс 30 қарашаға дейін аяқталады деген жоспар бар. Компания қала тұрғындары мен автокөлік иелерінен қалыптасқан жағдайда түсіністікпен қарауды сұрады.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ