Цифрлық даму министрлігі сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Цифрлық даму министрлігі ұялы байланыс операторларына уақыт белдеуінің өзгеруі туралы мәлімдеді

Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар қабылданды:

1) IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға қолжетімді дерекқорындағы деректерді жаңарту қажеттілігі туралы ресми хабарланды.

Осыған байланысты абоненттер шығарылған жаңартуларды Android және IOS сияқты халықаралық операциялық жүйелермен жаңартуы қажет.

2) Цифрлық даму министрінің тапсырмасына сәйкес, байланыс операторлары:

өздерінің ақпараттық жүйелерінің қажетті өлшемдерін дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізеді;

ұялы байланыс операторларының қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберуін, сондай-ақ интернет-ресурста және мобильді қосымшада (бар болған жағдайда) хабарлауды қоса алғанда, қызмет көрсету арналары арқылы өз абоненттері мен пайдаланушыларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы алдын ала хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады;

Интернетті қоса алғанда, ұсынылатын байланыс сервистері мен қызметтерінің тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ тарифтің ай сайынғы төлемін екі есе есептеу жағдайларын болдырмау мақсатында техникалық инфрақұрылымды дайындайды.

"Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс операторларына хабарласуға болады." ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Бұған дейін қазақстандықтарға біртұтас уақыт белдеуіне өтуге байланысты мүмкін болатын байланыс ақаулары туралы ескертілген болатын. Атап айтқанда, Activ абоненттері 1 наурызға қараған түні "Қазақстан Республикасының Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерінде сағат белдеуі бір сағатқа артқа ауыстырылатыны" туралы ескерту хабарламасын алды.

Сурет: freepik

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ