Алматы әкімдігі жастарға 2 мыңнан аса пәтер жалға береді

Биыл 11-15 желтоқсан аралығында Алматы билігі «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй жалға беру» бағдарламасы бойынша құжат қабылдайды. Қатысушыларға Наурызбай ауданынан пәтер беріледі.

Өтінімді Kezekte.kz сайты арқылы беруге болады, бірақ ол үшін ЭЦҚ қажет.

Қатысушылар балл жүйесі арқылы іріктеледі.

Ол мыналар үшін беріледі:

— мамандық үшін — 10 балл;

— мемлекеттік мекемеде қызмет еткен әр жыл үшін — 5 балл (бір жылға — 1 балл);

— отбасының болуы — 5 балл;

— бір балаға — 1 балл, одан кейінгі әр балаға — 2 балл;

— жұмыс істеп тұрғанына бір жылдан асқан ЖК үшін — 5 балл (бір жылға — 1 балл);

— депозитке ақша жинаған әр жыл үшін — 2 балл.

Өтінім беріп, құжат өткізген соң қатысушылар нәтижесін Kezekte.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы қадағалап отыруы керек.

Маңызды: Пәтер сатып алу құқығынсыз 3 жылға жалға беріледі.

Сұрақ болса, мына нөмірлерге хабарласуға болады.: +7 (727) 225 14 52, 225 14 37.

Похожие материалы (по тегу)

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ